Биография
Нурваям Алахунова 1937 жылғы 17 шілдеде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,Үлкен Ақсу ауылында дүниеге келген. Жеті баланың кенжесі, анасы үй шаруасындағы, әкесі ауылда диірмен ұстаған адамдар. 1938 жылғы 15-ші ақпанның түнінде НКВД адамдары келіп әкесін алып кетеді. Тағдыры болар, сол кеткеннен әкелері қайтып оралмады. Ағайындары ол кісіні сауатсыз болса да, тілі өткір, шыншыл адам болған деседі. Кейін ағасының жұмысына байланысты отбасы Шарын ауылына көшеді.
1951-ші жылдың басында әкелерің Сібірде дифтериядан қайтыс болды деген хабар келеді. Кейін, тәуелсіздік жылдары әкелеріне неліктен «халық жауы» деген жала жабылғанын білгілері келіп, әпкесі екеуі архив құжаттарына рұқсат алады. Білген шындық отбасына аса ауыр болып тиді: әкелері 1951-ші жылы дифтериядан емес, 1938 жылы 15-ші ақпанда ұсталып, бір айға жетпей 10-шы наурызда қасындағы адамдармен бірге атылыпты. Жерленген жері белгісіз. Бүгінде әкелерін репрессия құрбандарын еске алу күні естеріне алады.
«Ағаларым әкемнің жоқтығын білдірмей өсірді» - дейді Нурваям апай. Мектептен соң ҚазПИ-ді бітіріп, 35 жыл Дружбадағы Розыбакиев атындағы мектепте тіл әдебиетінің мұғалімі болып істейді. Қазір құрметті демалыста. Жолдасы математика ғылымының кандидаты. Профессор, Москвада аспирантураны бітіріп, ғылым академиясында қызметте болған. Кейін Темір-жол академиясында сабақ беріп, сол жерден еңбек демалысына кеткен. Бір ұл, екі қызыдары бар. Немере-шөбере сүйіп отырған жандар.