Хасенов Тұрсын
Награды:
Медаль "Ветеран труда", юбилейные медали
Дата рождения: 01.04.1936
Статус: УТФ
В годы ВОВ:
Хасенов Тұрсын
Награды:
Медаль "Ветеран труда", юбилейные медали
Дата рождения: 01.04.1936
Статус: УТФ
В годы ВОВ:
Биография
Хасенов Тұрсын 1936 жылы 1 сәуірде Кеген ауданы, Қарабұлақ ауылында, қарапайым қазақ үйдің ішінде дүниеге келген. Тұрсын атайдың айтуынша, Хасановтардың отбасында дүниеге келген балалар шетіней бергеніктер, ата-аналары ырым жасап, балаға Тұрсын есімін берген.

Соғыс басталған кезде әкесі мен ағасы майданға аттанады, ал ауылда қалған Тұрсын атай шешесі, әжесі, атасы және әпкелерімен бірге бір бөлмеде тұрған. Есінде қалғаны, бөлмеде пеш болмағандықтан, қыстың ызғарында сұықтан сақтану үшін, бала Тұрсын үйдің ортасында ағаш тұтатып, жылынған. Оған қоса, ауылда бидайды өлшеп бергендіктеп, қарындары үнемі жартылай аш болып жүретін.

Алты жасқа толған кезде, Тұрсын мектепке барады. Балаларда дәптер жоқ, ал сияны бидайдан құйдырып жазатын. Есінде қалған тағы да бір естелік, ол алғашқы рет атқа мінген кезі.

Соғыс қызып тұрған 1943 жылы күзде масақ теруге барады. Өгіз бен атқа мініп, шөп шапқышпен пішенді жинап, үмек салған.

1945 жылы әкесі соғыстан қайтып оралады, ал ағасы шайқаста қаза тапты.

Соғыс біткеннең кейін, он жылдық мектепті бітіріп, Қарғалы қаласында кооперативтік техникумда, есеп-экономикалық факультетіне оқуға түскен. Оқуды бітіріп әскерге барып, "Жауынгерлік дайындықтың үздігі" атағына ие болады.

Әскерден соң Қарағанды Кооперативтік институтын сырттан оқып, бітіріп, ауданнын бас есепшісі болып жұмыс істеген.

Отбасы мәселесіне байланысты Тұрсын атай отбасымен бірге Алматыға көшіп келген. Калинина мен Панфилов көшелелерінің бойында кооперативтік дүкенінде, ПМК-да, бас есепші болып жұмыс істеген.

2020 жылы Хасенов Тұрсынның денсаулығы күрт нашарлап кеткен: ол диабетик, және де тізе операциясына мұқтаж болып тұр.

Помочь ветерану

Введите сумму
Қантсыз диеталық азық-түліктер
На сегодняшний день нуждается:
Тізе операциясы
Made on
Tilda