С прискорбием сообщаем о смерти ветерана и приносим глубокие соболезнования родным и близким.
Ахмаров Закир Ғаниұлы
Марапаттары:
«Ұлы Отан соғысы» ордені, ерлігі үшін берілген бірнеше медальдары бар
Туған жылы: 1925
Статусы: Ұлы Отан cоғысына қатысушы
Соғыс кезінде: артиллерист
Ахмаров Закир Ғаниұлы
Марапаттары:
«Ұлы Отан соғысы» ордені, ерлігі үшін берілген бірнеше медальдары бар
Туған жылы: 1925
Статусы: Ұлы Отан cоғысына қатысушы
Соғыс кезінде: артиллерист
Өмірбаяны
Ахмаров Закир Ғаниұлы, 1925 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ауыл мектебінде 7-ші сыныпқа дейін оқиды. Кейін отбасы Жаркент қаласына көшіп барады. 1943 жылы соғыс майданында ұрыстың қайнап тұрған кезінде Закир ағай әскер қатарына алынып, Семейдегі Тамбов әскери-жаяу (военно-пехотное) училищесіне жіберіледі (cоғыс жылдары Тамбовтан Семейге көшіп келген). Сол оқу орнында 3 ай оқиды. 3 айдан кейін училище қайтадан Тамбовқа көшірілмек болғанда Закир ағай оқуын ары қарай жалғастырғысы келмей, майданға сұранады. Сол жерден оны Красноярск қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан әскери қалашыққа жібереді. Әскери қалашықта неміс тұтқындарын орман зауытына дейін конвоирмен апарып жүрді.

1944 жылы майданға аттанады. Алғашқы рет ұрысқа Молдова жерінде қатысады. Ары қарай Румыния, Албания, Болгария Югоcлавия, Бельгия, Венгрия мемлекеттерін азат етуге қатысады. Жеңісті Австрияда қарсы алады.

Соғыстан кейін Закир Ғаниұлы әскери міндетін ары қарай Иран мемлекетінде атқарады. 1949 жылы елге қайтады. Бейбіт өмірде колхоз жұмысына араласқан. 3 баласы бар.