С прискорбием сообщаем о смерти ветерана и приносим глубокие соболезнования родным и близким.
Иминова (Гаитова) Чимян
Марапаттары:
Туған жылы: 1932 жыл
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: таудағы қыстақта бұзау баққан
Иминова (Гаитова) Чимян
Марапаттары:
Туған жылы: 1932 жыл
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: таудағы қыстақта бұзау баққан
Өмірбаяны
Иминова (Гаитова) Чимян, 1932 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылында дүниеге келген. Чимян апайдың айтуынша 40-шы жылдары анасы тауда сауыншы болып істеген екен, кішкентай қыз, анасына көмектесіп бұзау бағады. «Апам ерте тұрмыс құрған. Соғыс басталған кезде, ол тіпті жас еді. Әкем соғысқа аттанғанда 3 баламен таудағы қыстақта қалып, ауыр бейнеттің сөлін тартқан адам. Мен ол кезде 10 жасқа қараған қыз болатынмын. Әкеміз соғыс басталғанда майданға аттанып, 6 жылдан кейін, 1946 жылы қайтып оралды» - дейді апай.

Чимин апай балалықтың кермек дәмін көп тартқанын айтады. «Көрмегенім көп, жемегенім шөп» - дейді. Бірде, бұзау бағып жүріп, тау ішінде адасып кетіп, екі күннен кейін жол тауып, ауылға келеді.

Соғыс аяқталғаннан кейін анасы таудағы өмірін тастап, балаларын алып Малыбайға оралады. Шелек - темекіні көп өсіретін аудан болғандықтан, Чипян апайдың да отбасы темекімен айналысады. Анасына қарасты 1.5 гектар жерден күнделікті 50 кг. темекі жинап өткізеді.

Уақыты келгенде тұрмыс құрып, жолдасымен бірге Алматыға келеді, көк-өніс базасында жұмыс жасайды. Картоп, пияз, қырыққабатты (капуста) сорттап, қаптарға салумен айналысады. Сол жерден зейнетке шығады.

Қазіргі кезде зейнеткерге қызы, немерелері қарап отыр. Көзі нашар көреді. Операция жасалған, бірақ көмектеспеген.