Өмірбаяны
Молдабаев Жәпек Бабашарұлы 1920 жылғы 10 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. Бір жасқа толар-толмастан әкесі Бабашар қайтыс болып, шешесі Әдемі екеуі қалады. Қиын қыстау заманда нағашы атасы Молдабай мен Қаламқас апасы бағып, тәрбиелеп өсіреді.
Шамамен 1925-1926 жылдары отбасы Қырғыз еліне көшіп, қазіргі Жырғалаң деген жерге тұрақтап, әкесі шекара күзеті әскерлерінің жылқысын бағады. Қырғыз елінен елге 1933 жылы оралады.
1940 жылы 7 жылдық мектепті үздік бітірісімен әскерге аттанады. Манчжурия шекарасына жақын Сайнсан қаласының маңында әскери қызметін атқарады. 1941 жылы Жапондардың соғыс ашу қаупі болғандықтан шығыс шекара күзетінде желтоқсанның аяғына дейін болады.
1942 жылдың қаңтарында әскерлермен бірге Батысқа бет алып, Калинин қаласын азат еттуге қатысады. Пулеметші болғандықтан фашистердің негізгі тірі күшін жою үшін әрқашан алдыңғы шепте болды. Көрсеткен ерлігі үшін "За Отвагу" медалін көкірегіне тақты. Қоршауда қалған Ленинград қаласын жау қолынан азат ету кезінде үш жерден жараланып, контузия алады. 1943 жылы соғысқа жарамсыз деп, ауылына қайта оралады.
1944 жылы Түргендегі мал дәрігерлерін дайындайтын техникумға түседі. 1964 жылға дейін "Қарқара" совхозының Жіңішке, Алғабас учаскілерінде веттехник болып жұмыс істейді. 1946 жылы жары Тұрсынхан екеуі "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталады.
1964 жылдан Шелек ауданының "Горный овцевод" совхозында, аудандық Ветлечебницада веттехник болып қызмет атқарды. Жалпы еңбек стажы – 58 жыл 10 ай.
Жолдасы Тұрсынхан 1967 жылы "Батыр Ана" атанып, "Aлтын жұлдыз" орденін омырауына таққан ана. Тұрсынхан апа 2005 жылы 83 жасында қайтыс болды. Екеуі тәрбиелеп өсірген 11 баладан 31 немере, 48 шөбере бар.
2021 жылдың 10 наурызында соғыс ардагері Жәпек Молдабаев 101 жасқа толды.