Игнатченко Эльза Михайловна
Наградалары:
Туған жылы: 01.10.1933
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым в деревне
Игнатченко Эльза Михайловна
Наградалары
Туған жылы: 01.10.1933
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым в деревне
Өмірбаяны
Эльза Михайловна 1933 жылы 1 қазанда Ресейде; Воронеж облысында дүниеге келген. Ардагердің айтуынша, туған жері адам аяғын баспайтын шалғайдағы ауыл көрінеді. Ауылда бар болғаны 20-30 үй, бір құдық болған. Бір қызығы, осы шалғайдағы ауылда адамдар әлі күнге дейін тұрады екен.
Әкесі әскери адам болғандықтан бала кезінде мекен-жайларын көп ауыстырған көрінеді. Читада, Белоруссияда, тіпті Польшада тұрған Соғыс басталған кезде подполковниктың отбасын Сібірге жібереді. Осы жерде соғыс аяқталғанға дейін тұрады.
1947 жылы отбасымен Алматыға келеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауыл-шаруашылығы институтына түседі. Дипломдық жұмысын қорғап, Саратов қаласына жолдама алады. Бірнеше совхоздың алқаптарын жобалаған. Кейін Алматыға келіп, еңбек демалысына шыққанға дейін бау-бақша өсіру институтында бас агроном болып қызмет істейді.