Мусякаева Алия Арифовна
Наградалары:
Туған жылы: 25.03.1933
Статусы: дитя войны
Соғыс жылдары: Блокадница
Мусякаева Алия Арифовна
Награды:
Туған жылы: 25.03.1933
Статусы: дитя войны
Соғыс жылдары: Блокадница
Өмірбаяны
Алия Арифовна Ленинград қаласының тумасы. 1941 жылы 8 жасар қыз алғашқы рет мектепке дайындалып жатқан кезде соғыс басталып кетеді. Сол жылдың қысында отбасымен Ленинград құрсауында қалады. Алия апай блокаданы өз-көзімен көрген ардагерлеріміздің бірі. 1942 жылдың қыркүйек айында құрсаудан отбасымен бірге Ладож көлі арқылы құрлыққа эвакуацияланады. Ары қарай, 40 күн поезбен жол жүріп, Өзбекстанға келеді. Бұл жерде туыстары бар болатын. Өзбекстанда отбасы 1949 жылға дейін тұрып, кейін Қазақстанға көшіп келеді.

Алия Арифовнаның мамандығы мұғалім. Институтты бітіріп, жолдамамен Солтүстік Қазақстанның бір ауылында мұғалім болып, еңбек жолын бастайды. Кейін Алматығы оралып, еңбек демалысына дейін Пятилеткадағы №85 орта мектепте сабақ береді. Екі қызынан бір немере, 2 шөбересі бар.