Яцык Зоя Константиновна
Наградалары:
Туған жылы: 25.03.1936
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары:
Яцык Зоя Константиновна
Наградалары:
Туған жылы: 25.03.1936
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары:
Өмірбаяны
Зоя Константиновна Талды-Қорған облысы, Сарқан ауданы, Қарғалы ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес Одағындағы колхоз шаруашылығының ащы өмірін қыз бала кішкентайынан көріп өсті. Жаз болса егін даласында жұмыс істеп, қыста егін дәнін көктемге дайындаумен айналысты. Аш жатып, ертесімен жұмысқа қайта кіріскен сәттері көп болды.

1 сыныпқа 10 жасында барды. Мектепте 7 жылдық білім алып, бухгалтерлер дайындайтын училищеге түседі. Зоя Константиновна өмір бойы туған өлкесінде бухгалтер, кейін бас бухгалтер болып істеген адам. 1991 жылы еңбек демалысына шықты. 40 жыл бойы ауылды жерде тұрды, кейін отбасымен Алматыға көшіп келді. Алматыда тұрғанына 35 жыл болды. Осыдан 25 жыл бұрын күйеуінен, кейін жалғыз ұлынан айырылды. Қазір жалғыз басты зейнеткерге туыстары қарайласады.