Нураева Камария Арифовна
Наградалары:
Туған жылы: қантар 1938
Статусы:
Соғыс жылдары:
Нураева Камария Арифовна
Наградалары:
Туған жылы: қантар 1938
Статусы:
Соғыс жылдары:
Өмірбаяны
Нураева Камария Арифовна 1938 жылдың қаңтар айында Ленинград қаласында дүниеге келген. Соғыс басталып, Ленинград құрсауда қалғанда кішкентай қыз 5 жасқа да толмаған. 1942 жылдың аяғында 3 баласымен анасы экакуацияланады. Бастапқыда, құрсауда қалған қалада болатын сұмдықтан бейхабар анасы, Ленинградтан кеткісі келмеген екен. Бірақ әлеуметтік органдар, кетпесеңіз балаларыңызды балалар үйіне алып кетеміз деп қорқытқан. Қыс ішінде, 41 күн суық поездбен Өзбекстанға келеді. Мұнда анасының апайы тұрған. Сол жерде мектепке барады.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1949 жылы, Камария апай 5 сыныпты бітірген кезде отбасы Алматыға көшіп келеді. Алматыда мектепті бітіріп, алдымен техникумды, 1964 жылы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіреді. Сол уақыттан бастап, еңбек демалысына шыққанғаи дейін апайымыз банк саласында қызметте болды.