Кузнецова Валентина Васильевна
Наградалары:
Туған жылы: 26.03.1935
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым, сдавала молоко, работала в поле
Кузнецова Валентина Васильевна
Награды:
Туған жылы: 26.03.1935
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым, сдавала молоко, работала в поле
Өмірбаяны
Кузнецова Валентина Васильевна Ресейде; Горький облысында дүниеге келген. Соғыстың алдында отбасы Новосибирьск аумағындағы Криводановка селосына көшіп келеді. 1941 жылы әкесі мен екі ағасы майданға кетіп, барлық үй шаруасы анасы мен екі кішкентай қыздың мойнында болды. «Анамыз таң ата сиыр сауатын; ал біз сауылған сүтті өткізетінбіз. Ол кезде бәрін майданға жіберетін – ет, бидай, сүт, тоқылған шұлықтар – бәрі, бәрі майданға кететін. Ауылдағы ересек адамдар егін жинаған кезде, біз мектеп оқушылары сабақтан кейін қалған масақты, картопты теріп, күнімізді көретінбіз» - дейді қария.

Соғыстан кейін Валентина Васильевна техникумды бітіріп, 1957 жылы тұрмысқа шықты. Кейін жолдасымен Алматыға келіп, 26 жыл байланыс саласында қызметте болды. Нөмірі 37 және 43 пошталарының бастығы болған. Екі ұлы бар. Үлкен ұлы Ресейде, кішісінің инфарктан кейін денсаулығы нашарлаған. Бүгінде қария жалғыз тұрады, көмекке зәру.