Перфильева Анна Тимофеевна
Наградалары:
Туған жылы: 09.10.1935
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым
Перфильева Анна Тимофеевна
Наградалары:
Туған жылы: 09.10.1935
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым
Өмірбаяны
Ардагер Волгоград облысы, Фролово қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы тарихында Сталинград шайқасы – ең бір қанды шайқастардың бірі ретінде белгілі. Кішкентай қыздың балалық шағы қанды жылдардың ортасында өтті. «Сталинградты алу үшін, немістер күнде қаламызды бомбылайтын, өйткені қала Сталинградқа барар жолда болды » - дейді қария. Әкесі соғыста небәрі бір ай болып, туберкулез ауыруына шалдығып, үйіне оралады. Анасы 1942 жылы үшінші баласына босану кезінде қайтыс болады.

Бірінші сыныпқа 1943 жылы, соғыстың қайнап тұрған кезінде барды. Ол кезде мектеп ғимараты тұтқынға түскен немістерге толы болатын, сондықтан сабақты жартылай қираған клубта оқитын. Отты да өздері жағатын. 1945 жылы ауырудың салдарынан әкесі қайтыс болады, сөйтіп жетім қалған балаларды туыстары Алматыға алып келеді. Осы қалада сауда техникумын бітіреді.

1955 жылы апамыз жолдасымен бірге Германиға кетеді. Ол авияция саласында механик болған адам. Кейін қызмет бабымен алдымен Латвияда, кейін Эстонияда болады. 1950-жылдардың соңында жолдасы қызметінен қысқартылып Алматыға қайтып келеді. Көп жылдар бойы сауда саласында қызмет істеген. Екі баласы бар. Қазір олар Ресейде тұрады. Бүгінде қария өзі жалғыз тұрады, қамқорлыққа зәру.