Башаев Дос Хабибуллаевич
Наградалары:
Туған жылы: 1932
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогал взрослым
Башаев Дос Хабибуллаевич
Награды:
Туған жылы: 1932
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогал взрослым
Өмірбаяны
Башаев Дос Хабибуллаұлы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1937 жылы әкесі «халық жауы» деп қамауға алынған кезде, отбасы Алматыға көшіп келген.

Соғыс жылдары көрген қиыншылықтарын көп айта бермейді. Заман солай болған дейді. Аш жүрген кездері көп болған. Соғыстан кейінгі қиыншылықтары да жеткілікті, әсіресе 1946-1947 жылдарда болған аштық есінде қатты сақталған. Кейін білді, дәл осы жылдары Кеңес Одағында аштықтан 8 млн. халықтың өлгенін. «Қара нанның иісін тек 50-жылдары ған сездік қой» - дейті ардагер.

Балалық шағы мен жастық шағы қиыншылыққа толы болса да, Дос ағай сабақты жақсы оқығанын мақатнышпен айтады. Сол кездегі білім беру жүйесінің мықты болғанының арқасы – дейді. Мектепті бітірісімен Ауылшаруашылық институтына түседі. Мамандығы – инженер-электрик. 1992 жылы еңбек демалысына шыққанша мамандығы бойынша жобалау институттарында істеген.

90-шы жылдары, зейнетке шықса да, отбасына көмек болсын деп, газет сатқанын жасырмайды. Бүгін ардагер өміріне шүкіршілік етеді. Қиыншылыққа мойымай, осы күнге жеткеніне риза. Әсіресе біздің Қордың жұмысына деген ризашылығы мол.

Айта кетейік, Дос ағайдың үйіне біз жөндеу жұмыстарын жасап бергенбіз. Қажетті азық-түліктерін де ұмытпай апарып береміз. Аман болыңыз, қария.