Жанагулова Кенжекен
Наградалары: Юбилейные медали
Туған жылы: 10.09.1933
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым в колхозе
Жанагулова Кенжекен
Наградалары: Юбилейные медали
Туған жылы: 10.09.1933
Статусы: УТФ
Соғыс жылдары: помогала взрослым в колхозе
Өмірбаяны
Кенжекен Жаңағұлованың отбасы соғыс жылдары Гурьев облысында тұрды. Апайдың айтуынша, неміс самолеттері Ресеймен шекараға жақын орналасқан консерві зауытын бомбылап кетеді екен. (бұндай деректер көп айтылмаса да, соғыс тарихында болған деседі). Гурьев аймағы Каспи теңізінің жағалауында орналасқандықтан, балық өнеркәсібі қатты дамыған, сол себептен соғыс жылдары балық өнімдерінің барлығы майданға жіберілетін. Әкесі мен үлкен ағасы соғысқа кетіп, үй шаруасында анасы екеуі қалады.

Кенжекен апайдың балалық шағы соғыс балаларынан еш айырмашылығы жоқ. Үлкендермен бірге егістікке шығып, масақ жинайтын. Қиын-қыстау кезінде, тіске басар тамағы жоқ көп адамдар қырылып та жатты. Сол жылдары анасы екеуін аштықтан сақтап қалған – паек болатын. Оны отбасында майдангерлері бар адамдарға ғана беретін.

Мектепті бітірісімен Алматыға келіп, Қыздар педагогика инситутына түседі. Мамандығы – ұстаз. Дипломын алып Павлодарға жолдама алып, еңбек дмалысына шыққанша сол қалада тұрды. 90-шы жылдардан бері Алматыда, балаларының қолында. Биыл 90-ға толды. Қарияға балалары қамқор көрсетуде.