Каңтарбева Роза
Наградалары: Юбилейные медали
Туған жылы:
Статусы: ЕМҚ (еңбек майданына қатысушы)
Соғыс жылдары: балалармен бірге масақ жинаған
Каңтарбева Роза
Наградалары: Юбилейные медали
Туған жылы:
Статусы: ЕМҚ (еңбек майданына қатысушы)
Соғыс жылдары: балалармен бірге масақ жинаған
Өмірбаяны
Каңтарбаева Роза Алматы облысы Нарынқол ауданының тумасы. Зиялы отбасында дүниеге келген. Соғыс басталған жылдары 5-6 жастағы қыз болатын. Әкесі жоғары сот қызметкері, анасы сол өңірде, колхоз басшысы болған. Бала кезінен, анасының қызметіне қарамай, күндіз егіс даласында масақ жинап, кешке отбасына майданға көмек ретінде киім тігуге, шұлық тоқуға көмектескен. Кейін Алматыға келіп, осы жерде №12 мектепті бітіреді.

Мектепті бітірген соң, әкесінің жолын қуып, заңгер болғысы келген, бірақ жолы болмады. Қыздар педагогика институтын бітірген. Мамандығы – кітапханашы.

Роза апайдың еңбек жолы кітапхана саласымен тікелей байланысты. 25 жылдай Зооветинституттың кітапханасында басшы, кейін Шамалғанда, Алматыдағы Нархозда, статистика саласындағы кітіпханаларда басшылық еткен.

Еңбек демалысына шықса да, Алматыдағы көздері нашар көретін мектеп-интернатында қызмет істеді. Үш баланың анасы.