Огневая Алевтина Александровна
Награды:
Год рождения: 24.08.1938
Статус: дитя войны
В годы ВОВ: блокадница Ленинграда
Огневая Алевтина Александровна
Награды:
Год рождения: 24.08.1938
Статус: дитя войны
В годы ВОВ: блокадница Ленинграда
Өмірбаяны
Огневая Алевтина Александровна Ленинград қаласында туған. Соғыс басталған жылы 3 жасқа толмаған сәби болатын. Бірақ әжейдің есінде Ленинград құрсауының (блокада) басталған кезі сақталған екен. «Мен ол кезде үшке енді толған кезім, 1942 жылдың маусым айында анам екі баласын алып; елмен бірге эвакуацияланды» - дейді әжей.

«Егер де әкем абақтыда отырмаса, анам Ленинградты ешқашан тастамас еді. 1938 жылы Фин соғысы мен Ұлы Отан соғысының аралығында әкемді «халық жауы» деп қамауға алды. Соловков лагерінде қамауда болды. Ол заман аумалы-төкпелі болатын. Сондықтан, ол жайында көп айта бермейтінбіз. Кейін, соғыс аяқталғаннан кейін, әкем аң аулауға менің ұлымды алып барып, сол заман туралы бәрін айтын беріпті. Көрдіңіз бе, менің ұлым отбасымыздың қайғысы жайында меннен көп біледі екен» - деп естелігін жалғастырды.

Сол аумалы-төкпелі заман Огневой отбасын Орта Азияға алып келеді. 1946 жылы әкесі соғыстан оралған кезде (түрмеде отырғанда соғысқа алып кеткен), Войц қаласында болаған. Ол әкелерінің туған жері. Бірақ репрессия соғыстан кейін де жалғасын тапты. Әкесін таға алып кетпесін деп, отбасы Өзбекстанның Қоқан қаласына келеді. Алевтина Александровна сол қаладағы қыздар гимназиясын, кейін ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.

Алматыға көшіп келген соң ауыл шаруашылық институтын сырттай бітіріп, зейнетке шыққанша агроном болым қызмет істейді. Жолдасы қайтыс болған, балалары бар.