Петренко Анна Лаврентьевна
Награды:
Год рождения:
Статус: УТФ
В годы войны: работала на фабрике
Петренко Анна Лаврентьевна
Награды:
Год рождения:
Статус: УТФ
В годы войны: работала на фабрике
Өмірбаяны
Анна Лаврентьевнаның отбасы Қазақстанға Украинадан соғыс кезінде көшіп келген. Ол кезде соғыс енді басталған, қиын кезең болатын. Тылдағы халық «Бәрі де Жеңіс үшін» деп еңбек етті. 15 жасар Анна еңбек жолын Алматыдағы Қарғалыдағы Мәншүк Мәметова көшесіндегі фабрикадан бастады. Осы жерде өзінің болашақ жарымен танысып, отау құрды. 1948 жылы дүниеге тұңғыш қыздары келді. Бүгінде ардагерге сол қызы қарап отыр.
«Ата-анам фабрикаға бүкіл өмірлерін берді. Мен бала кезімнен солардың жанында, фабрикада өстім. Алматы қағаз-мата комбинаты (АХБК) ашылғанда, анам сол жерге ауысты. Еңбек демалысына шыққанға дейін өз ісінің білгір маманы болды. Еңбек өтілі – 60 жыл. Осы қасиетін комбинат басшылары жоғары бағалап, анама комбинатқа қарасты училищеде жұмысшы жастарды тәрбиелеп шығаруды тапсырды. Әкем де, анам да еңбекте мәртебелі болды» - дейді мақтанышпен қыздары.