Өмірбаяны
Сосорбармаева Галина Ешеевна Бурятияда дүниеге келген. Майдангердің қызы. Соғыс басталып, әкесі майданға кеткенде, үй шаруасында кішкентай балаларымен жалғыз анасы қалған. «Анам күндіз далада, кешке үйде шұлық тоқып, китель тігіп, майданға жіберетін. Біз кішкентай болсақ та, анамызға көмектесетінбіз, жібін әкеліп, инесін сабақтап, дегендей. Әр отбасына норма беретін, «осыншама китель тігесіңдер, осыншама шұлық тоқисыңдар дегендей». Бақтарына орай әкелері соғыстан аман оралды. 2019 жылы 95 жасқа қараған шағында қайтыс болды. «Әкеміз тәттіге құмар болатын, прияниксіз шәй іше алмайтын, бітіп қалса болды, Клава тәтемізге барып, сенде прияник бар ма? – деп сұрап алатын» - дейді ардагер апамыздың қызы күлімдеп.. Бүгінде анасына сол қызы қарап отыр.